Роза Рымбаева “қырғынның” кезінде көшеде болған

by Depti
0 views

Әли Оқапов қайғылы қаңтар оқиғасы кезінде қайда болғанын айтты.

Ол 6 қаңтар күні анасымен бірге үйдің ауласында түскен суретін жариялады. Сол күні атыс пен жарылыстың даусын естісе де, түр бермеуге тырысқанын, өзі тұратын үйді қорғауға шыққанын жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Аса бір ерекшелігі жоқ фото.  Анам екеуміздің үй ауласына серуенге шыққан сәтіміз. Бірақ бір деталь фотоның мағынасын өзгертеді. Ол – сурет түсірілген күн. Фото биыл 6 қаңтар күні түсірілді. Екеуміз де атыс пен гранаталардың жарылысын естімегендей кейіп танытып, кетіп бара жаттық. Қорқынышты болды дегенім ештеңе емес”, – деген Оқапов сол күні өзге тұрғындармен бірге үйді қорғауға тырысқанын жеткізді.

“Мәди коронамен ауырып жатты, радио, снайперлер, азық-түлік іздеу, тұман, сирена, БТР, SMS, күту мен дұға ету. Көп нәрсе болды, бірақ оның бәрін айтпайтын шығармын. Себебі барлығында жағдай осындай, тіпті бұдан нашар болды. Барлығы бекер емес деп үміттенемін және сенемін. Бірақ бұрынғыдай болмайтыны анық”, – деп түйіндеді Әли. 

Желі қолданушыларының бірі қалада “қырғын” болып жатқанда серуенге шығудың әбестік болғанын айтты. Оған Әли: “Далаға комендаттық сағат басталғанға 5 сағат қалғанда және тек тұрғын үй аумағына шықтық. Біз топ-топпен күзет пен жасақшылардың көз алдында жүрдік. Сондай-ақ полиция тірек пунктінің әрекет аумағында және шекара әскерлерінің снайперлері орналасқан жерден 50 метр қашықтықта болдық”, – деп жауап берді. 

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com