Бұл туралы “Әйел тағдыры” бағдарламасында айтылды.
Роза Рымбаева марқұм жолдасы мен онсыз өткен күндерін еске алды. Тағдыры мен шығармашылығы жайлы сөз етті.
Роза Рымбаева жолдасы Тасқын Оқаповтан айырылған соң екінші рет тұрмыс құрған жоқ. Әнші ондай мақсаттың да болмағанын айтады. Ал кездескен адамдары көңілінен шықпаған.
“Мен ешқашан екінші рет күйеуге тисем, балаларыма әке тапсам деп ойламаппын. Кейбіреулер балаларға әке керек деп ойлайтын шығар. Бірақ мен мүлде олай ойламадым. Екі баланы өсірсем, жеткізсем, солар ауырмаса деп қана алаңдадым. Кездескен ер азаматтар көп болды. Сөз салғандар көп еді, бірақ көңілімнен шықпады. Біреуінің сөзі, біреуінің мінезі, ешқайсысы ұнамады. Оның үстіне өзім де тұрмыс құрам деп жоспарламадым”, – дейді әнші.
Балалары қарсы болмағанымен, олардың ішкі қарсылығын да сезгендей.
“Мәди айтатын. “Әрине, құқығы бар. Бірақ мен қаламаймын” деп. Қарсы болмас еді, бірақ мен оларға басқа әке болғанын қаламадым. Ешкімге сенбедім. Жүрегіме жақын қабылдамадым. Тек өзіме сендім”, – деді халық әртісі.
“Стан”