Саят Медеуовтің қайтыс болғанын хабарлап жүрен кім?

by Depti
0 views

Әлдебіреулер Саят Медеуовтің қайтыс болғаны жөнінде жалған хабар таратқан.

Ақпаратты көрген көпшілік ашуға мініп, авторларды жазаға тартуды сұрады, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Индира Расылхан Медеуовтің “көз жұмғаны” жөніндегі ақпаратты көргенде талып түсе жаздаған. Ол адамның өмірімен ойнауға болмайтынын ескертті. 

“Мына видеоны көріп жүрегім зырқ ете түсті ғой. Қалай ғана қолдары барып жазды екен? Халықтың ақкөңілдігін пайдаланып өнер адамдарымен елдің арасын ажыратып, өз пайдасына асырып жатқандар қаншама?! Адамның өмірімен ойнауға болмайды. Аман жүрейік. Алла саған шипа берсін досым! Ортамызға амандықпен орал!” – деп тілегін білдірді ол. 

Айта кетейік, бірер күн бұрын Саят Медеуовтің жол апатына ұшырап, ауыр жарақат алғанын жазған едік. Кеше әнші көпшілікпен байланысқа шығып, өзінің тілеуін тілеген жандарға алғыс айтты.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com