Саят Медеуовтің қайтыс болғанын хабарлап жүрен кім?

news full15937545439f52c42489deb8769bad3891a5a6e337

Әлдебіреулер Саят Медеуовтің қайтыс болғаны жөнінде жалған хабар таратқан.

Ақпаратты көрген көпшілік ашуға мініп, авторларды жазаға тартуды сұрады, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Индира Расылхан Медеуовтің «көз жұмғаны» жөніндегі ақпаратты көргенде талып түсе жаздаған. Ол адамның өмірімен ойнауға болмайтынын ескертті. 

«Мына видеоны көріп жүрегім зырқ ете түсті ғой. Қалай ғана қолдары барып жазды екен? Халықтың ақкөңілдігін пайдаланып өнер адамдарымен елдің арасын ажыратып, өз пайдасына асырып жатқандар қаншама?! Адамның өмірімен ойнауға болмайды. Аман жүрейік. Алла саған шипа берсін досым! Ортамызға амандықпен орал!» – деп тілегін білдірді ол. 

Айта кетейік, бірер күн бұрын Саят Медеуовтің жол апатына ұшырап, ауыр жарақат алғанын жазған едік. Кеше әнші көпшілікпен байланысқа шығып, өзінің тілеуін тілеген жандарға алғыс айтты.

Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз: