0
Батыс Қазақстан облысы Бүрлін ауданында әйел перзентханадан шыға сала сәбиін сатып жіберген.
28 жастағы айы-күні жетіп босанған әйел жаңа туған сәбиін сатып жіберген. Сатып алушылар – ерлі-зайыптылар.
– Баласын сатқан әйел ұсталып, оған қатысты ҚР ҚК 135 (Кәмелетке толмағандар саудасы) бабымен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жалғасуда, – деп хабарлады БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.