Қазақстанда

Сақал қойған Төреғалиды танымай қалды

Желі қолданушылары эстрада жұлдызын танымай қалып, пікірлерін жаудырды.

Төреғали Төреәлі желіде ерекше образдағы видеосын жариялап, оқырмандарын таңғалдырды. Өнер иесін мұндай кейіпте көріп үйренбеген көпшілік оны танымай қалды деп жазады KAZ.NUR.KZ. 

Төреғали Төреәлі Instagram парақшасында батырдың образындағы бейнежазбасымен бөлісіп, ел арасында қызу талқы тудырды. 

Желі қолданушылары эстрада жұлдызын танымай қалып, пікірлерін жаудырды. Кейбір оқырмандар әртісті танымай қалған. 

«Төреғали айналайын не істеп жүрсің?», «Төреш емес сияқты», «Бұл Төреш емес қой», «Сізді танымай қалдым», «Сақал да, шапан да жараса кетті», «Не киіп алғансың? Танымай қалдым ғой», «Төреш балам саған бәрі жарасады», «Басқа біреу екен деп қалдым», «Дем жетпей тұр ғой. Терең демал», – деп жазды олар. 

Өнер иесі бұл образды қандай түсірілмге қолданғаны әзірге белгісіз. Көпшіліктің болжамынша, ол тыңдармандарына жаңа туынды дайындау үстінде. 

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button