Қазақстанда

Семейліктер 17 жастағы қызды жабылып іздестіруде

Семейде 450 адам жабылып, 17 жасар қыздың денесін таппай жатыр.

ШҚО полиция департаментінің хабарлауынша, жергілікті тұрғын кәмелетке толмаған қызының жоғалғанын хабарлаған. Жасөспірім 13 қарашада үйінен шығып, қайта оралмапты. 

Полиция департаментінде шұғыл іздестіру жұмыстары жүргізді.  19 жастағы жігіт күдікті ретінде ұсталған. Ол қызды өлтіргенін мойындады. 

“Кінәлі адам анықталды. Қажетті тергеу шаралары жүргізілді. Аталған дерек бойынша ҚК 99-бабы 2-бөлігі 14-тармағы («Кәмелетке толмаған адамды қасақана өлтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды”, —деді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Десе де, қыздың денесі әлі табылған жоқ. Қазіргі таңда полиция қызметкерлері, сарбаздар мен төтеншеліктерден, еріктілерден құралған 450 адам іздеу жұмыстарын жалғастырып жатыр. 

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button