ҚазақстандаБЕЙНЕТАСПА

Шенеуніктер мен полицейлер тұрғындарды әкімдіктен қуып шықты (+ВИДЕО)

Ақтөбе облысында әкімге шағым айтып келген тұрғындарды полиция мен шенеуніктердің қуып шыққаны видеоға түсіп қалды.

LIFE KZ YouTube арнасында жарияланған видеода өңір басшысы Оңдасын Оразалинге келген азаматтарды полиция қызметкерлері есіктен шығарып жібергені анық көрінеді. Тұрғындарды қуып шығуды талап еткен ер азамат олардың “жұмыс істеуге кедергі келтіріп жатқанын” айтады. Бұл туралы Stan.kz мәлім етті.

“Ақтөбе облысының бір топ тұрғыны өңір әкімі Оңдасын Оразалиновтің қабылдауына жазылғысы келген. Алайда шенеуніктер халықпен кездесудің орнына полициямен бірігіп, облыс әкімдігінің ғимаратынан адамдарды қуып жіберді”, – делінген YouTube арнасының астындағы жазбада. 

“Бұл әкімдік үшін масқара жағдай. Өзіңізді неге таныстырмайсыз? Итермеңіз, қолыңызды тартыңыз. Демократиялық мемлекет деген осы ма?” – дейді тұрғындар. 

Айта кетсек, бұған дейін Алматы қаласы Алатау ауданы әкімдігінің күзетшілерінің бірі «Хабар 24» телеарнасының журналисі Ақбөпе Тәңірбергенді мемлекеттік мекеме ғимаратынан күштеп шығарып жіберген болатын. Ел арасында дау туып, мәселе жайлы ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева пікір білдірген. 

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button