Шенеуніктердің адам саудасына қатысы болу мүмкін

by Depti
0 views

Қостанай облысында мемлекеттік мекеменің лауазымды тұлғалары адам саудасына қатысуы болуы мүмкін деген күдікке ілінді, depti Azattyq Ruhy.

Қостанай облысы бойынша Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ лауазымды адамдарына қатысты адам саудасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

«Олар облыстың әлеуметтік мекемелерінің бірінде мемлекеттің қамқорлығында болған әрекетке қабілетсіз әйелді Нұр–Сұлтан қаласындағы қарттарға арналған жеке пансионатқа тегін жұмыс күші ретінде пайдалану үшін табыстады деп күдіктелді» делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз хабарламасында.

Күдіктілердің бірі соттың санкциясымен үй қамауына алынды.

Күдіктілерге қатысты олардың кінәсінің дәрежесін анықтай отырып, түпкілікті шешім тергеу нәтижелері бойынша қабылданатын болады.

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com