Қазақстанда

ШҰҒЫЛ: Әуежайға бомба қойылған… (+ВИДЕО)

Шымкент әуежайында жарылғыш зат салынғаны туралы хабарламадан кейін адамдарды эвакуациялау басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан «Қазаэронавигацияға» сілтеме жасап.

https://t.me/sputnikKZ/13389

Ақпаратқа сәйкес, Шымкент әуежайының электрондық поштасына әуежайды миналау туралы хат түсіп, адамдарды эвакуациялау басталған.

«2021 жылдың 15 желтоқсанда сағат 02.00-де Шымкент әуежайының электрондық поштасына әуежай ғимаратын миналау туралы хабарлама келіп түсті. Тәртіпке сәйкес, барлық қызметтер ескертіледі. Полиция мен ҰҚК қалалық департаменті әуежай қызметтерімен бірлесіп арнайы іс-шаралар өткізді. Әуежай терминалында адамдарды эвакуациялау жүргізілді», – деп растады Sputnik Қазақстанға индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.

Көліктегі полиция департаментінің ақпараты бойынша, аталған факті Шымкент қаласының әуежайында Желілік полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізімінде тіркелген. Қылмыстық кодекстің 273-бабы («Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау») бойынша қарастырылады.

«Өзге ақпарат тергеу мүддесінде (…) жария етуге жатпайды», – деп қорытындылады ведомствода.

Әрі қарай оқу: https://sputnik.kz/incidents/20211215/18900581/shymkent-auejayy-bomba.html

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button