ШҰҒЫЛ! Бөбекжай тәрбиешісі балаларды неге ұрып-соққаны анықталды

by Depti
0 views

Қалалық полиция департаменті желіде тараған бейнежазбаға қатысты түсініктеме берді.

Желіде тәрбиеші бүлдіршіндерді қолмен, таяқпен ұрып, шаштарынан жұлып жатқан бейнежазба тарады. Кейін бұл Алматыдағы балабақшаларының бірінде орын алған жағдай екені анықталды. Осыған қатысты қалалық полиция департаменті түсініктеме берді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

“Алматы қалалық полиция департаменті аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін хабарлайды. Қылмыстық істің материалдарын Жетісу аудандық полиция басқармасы қарайды. Тергеу аясында өрескел фактілердің мән-жайы міндетті түрде зерттеліп, ұстаздың әрекетіне құқықтық баға беріліп, оған сәйкес жауапкершілікке тартылады”, – деп хабарлады қалалық полиция департаменті.

“inbusiness.kz”

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com