ШҰҒЫЛ: Қазақстанда карантин жеңілдетілді!!!

by Depti
1 views

Бүгін ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды zakon.kz.

Денсаулық сақтау министрі А. Цой елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғанын, соңғы 2 аптада сырқаттанушылық пен өлім-жітім деңгейі 60%-ға төмендегенін айтты, делінген primeminister.kz сайтында.

Осыған байланысты ВАК бірқатар шешім қабылдады:

1. Биылғы 27 қыркүйектен бастап “Ashyq” бойынша “қауіпсіз” мәртебесі бар қызметкерлер мен келушілердің қатысуымен келесі іс-шараларды өткізуге рұқсат етілсін:

1632202293 vak keste

2. 16 елмен әуе қатынасын жаңарту және ұлғайту (Ресей Федерациясы, Түркия, БАӘ, Өзбекстан, Германия, Мальдив, Корея, Польша, Венгрия, Италия, Чехия, Шри-Ланка, Қытай, Сауд Арабиясы, Кувейт, Әзербайжан).

3. Қолайлы эпидемиологиялық ахуалы және халықты вакциналаудың жоғары деңгейі бар 30 шет мемлекетпен Қазақстан Республикасына кіру үшін визасыз режимді қайта бастау (Италия, Нидерланды, Франция, Германия, Испания, Жапония, БАӘ, Сауд Арабиясы, Кувейт, Польша Дания, Чили, Венгрия, Корея, Чехия, Бахрейн, Катар, Монако, Кипр, Исландия, Финляндия, Мальта, Швеция, Португалия, Лихтенштейн, Словакия, Люксембург, Канада, Сингапур, Бельгия).

1632202429 vak otyrysy

Сондай-ақ Тоғжанов вакцина алудың қолжетімділігін арттыру мақсатында әкімдіктерге әуежайларда, темір жол вокзалдарында, ірі базарлар мен сауда орындарында талаптарға сәйкес келетін пункттер ұйымдастыруды тапсырды.

ВАК отырысының қорытындысы бойынша Премьер-министрдің орынбасары бірқатар басқа тапсырмалар берді.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com