ШҰҒЫЛ! Шымкентте оқушы бесінші қабаттан секіріп кетті

1633345432 screenshot 1

Шымкентте 5-ші қабаттан секіріп кеткен оқушының өліміне қатысты, өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу бабымен іс қозғалды.

Келеңсіздік «Асар-2» шағын ауданында түнде болған. Үй тұрғындары осы жағдайдан қатты шошынып қалғандарын айтты.  Көршілерінің білуінше бұл отбасы үлгілі жанұялардың бірі. Сондықтан не болғанын тіпті топшылай да алмайды. Ал, 16 жастағы қыз бала түнде түрлі дене жарақатымен ауруханаға ауыр жағдайда жеткізілген.

Айгүл КОРАЛАСБАЕВА, КӨРШІСІ: Бәріміз шоковые состояниеде болдық. Ешқайсысымыз есімізді жинай алмай отырмыз. Бәріміз уайымдап отырмыз. Бұл отбасын мен өзім үлгілі отбасы ретінде білемін, танимын. Әке-шешесі өте тәртіпті-тәрбиелі отбасы өздері. Қазір шыны керек домның бәрі уайымдап отырмыз. Намаз оқитын қыз. Өзі намаз оқиды, хиджабта жүретін, әке-шешесі де жақсы, ішпейді, шекпейді.

Нұржамал ТЕЛЕГЕНОВА, КӨРШІСІ: Осы жерде көрші боп тұрамын. Осы маған қарама-қарсы 5 этаж ғой. Кеше кешкісін естідік, 11 шамаларында осындай деп. Енді танысып жатырмыз ғой енді, бірақ жақсы ата-анасы бәрі, көпбалалы ана-әке. 11-сынып оқушысының өзіне қол салуына не себеп болғаны әзір белгісіз. Бейресми ақпарат көздеріне сүйенсек, қыз бала отбасында әкесімен кикілжіңге келіп қалған. Ал анасы басқа қалада жұмыс істейтін көрінеді. Енді бұның анық -қанығын полиция анықтамақ. Қазір осы оқиға бойынша  тергеу басталып кетті.

Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз: