Дариға Назарбаеваға қатысты шындықтың беті ашылды

756419679701367

16 ақпанда өтіп жатқан мәжілістің жалпы отырысына депутат Дариға Назарбаева қатыспады.

«Депутат жалақысы сақталмайтын еңбек демалысынан әлі келмеді», – деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісіне мәжілістің баспасөз қызметі.

Бұған дейін экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі коронавирус инфекциясынан кейін оңалту курсынан өтіп жатуына байланысты қаңтар айының соңына дейін жалақысы сақталмайтын демалыста болатыны хабарланған еді.

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаева жыл басынан бері парламентке келмеді. Дариға Назарбаева президент жаңа премьер-министрдің есімін жариялаған кезде де, Нұрлан Нығматулиннің орнына мәжілістің жаңа спикері болып Ерлан Қошанов сайланғанда да отырысқа қатыспады.

Мәжілістің жетінші шақырылымында Назарбаева экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі болып жұмыс істейді. Комитет басшысы Альберт Рау Sputnik Қазақстанға берген сұхбатында бұған дейін Дариға Назарбаеваның еңбек тәртібін бұзбағанын және тек дәлелді себептермен жұмыста болмағанын хабарлаған болатын.Ал басқа әріптестері Назарбаеваның депутаттық мандатын тапсыратын кез келді деген пікір білдірді.

Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз: