Қазақстанда

ШҰҒЫЛ: Саят Медеуовке қатысты соңғы ақпарат белгілі болды

Әнші Саят Медеуов жол апатына түсіп, жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл ақпаратты композитор, әнші Ербол Спаналиев әлеуметтік желідегі парақшасында жазған.

«Саят бауырымыз жол апатына түсіп, жансақтау бөлімінде жатыр. Алладан дұға тілеп қойыңыздаршы, ағайын. Аман-есен ортамызға орал, бауырым!», – деп жазды Ербол Спаналиев.

Одан бөлек, композитор Рүстем Арсланов та желідегі парақшасында әншінің аман-есен сауығып кетуін тілеп жазған.

Әзірге жол апатының қашан және қай жерде болғаны туралы ақпарат жоқ. Әнші Құрманғазы атындағы ұлттық халық аспаптар оркестрі 8 наурыз мерекесіне орай ұйымдастыратын концертке қатысуы керек еді. Мерекелік кеш 4 наурызда сағат 19:00-де оркестрдің концерт залында өтеді деп жоспарланған.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button