Қазақстандық үш танымал вайнер қаржы пирамидасын құрып, басшылық етті деген күдікке ілінді.
Әлеуметтік желіде белгілі актер әрі вайнер Мейіржан Төребаев, актер Мейірхан Шерниязов және Азимжан Саидбаевтың қаржы пирамидасын құрғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
“Тергеу мәліметтері бойынша Төребаев, Саидбаев пен Шерниязов mudarabah capital қаржы пирамидасын жарнамалап қана қоймай, сонымен қатар компанияның тең иелері ретінде тұрақты түрде табыс тапқан. Бұған дейін бұл іс бойынша компанияның бас директоры Руслан Бұрханов қамауға алынды. Ең қызығы, Төребаев, Саидбаев пен Шерниязов кепіл беріп шыққан”, – деп жазды журналист Михаил Козачков Telegram арнасында.
Алматы қалалық соты Төребаев, Шерниязов және Саидбаевтың істі болғанын растады.
Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі үш азаматтың Қылмыстық кодекстің 217-бабы (“қаржы пирамидасын құру және оған басшылық ету”) 3-бөлігі 2-тармағы бойынша күдікті деп танылғанын хабарлады.
“Тергеу сотының қаулысымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының Төребаев пен Шерниязовқа қатысты 1000 АЕК (3 063 000 теңге) мөлшерінде кепіл түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхаты қанағаттандырылды”, – деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.
Ал Саидбаевқа қатысты 2 айға сырттай қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтініш түсті, бұл өтініш те қанағаттандырылды.
Айта кетері, 2021 жылдың қазанында Mudarabah Capital компаниясының иесі Алматыда қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікпен ұсталды.
Сотқа дейінгі тергеу барысында аталған ЖШС жеке және заңды тұлғалармен мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін қажетті қаржы тарту мақсатында бірлескен қызмет туралы шарттар жасасқаны анықталды. Олар бұл істі 2019 жылдың ақпанынан бастап 2021 жылдың қаңтарына дейін жүзеге асырған.
Екі жақты құжатқа сәйкес, фирма ай сайын әр салымшыға салым сомасының 20%-ін төлеуі керек болған. Сонымен қатар “ASTEX.KZ” ЖШС-ға 160 салымшыдан екі миллиард теңгеден астам қаражат “Mudarabah Capital “ЖШС-нің басқа компаниясы арқылы түскені анықталды.
“Мен өзім жәбірленушімін”: Қаржы пирамидасын құрды деп күдікке ілінген вайнер өзіне тағылған айыптарға жауап берді
Қаржы пирамидасын құрып, оны басқарды деген күдікке ілінген вайнер Мейіржан Төребаев мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Оның сөзіне қарағанда, ол қаржы пирамидасын құрмаған. Басқару ісіне де араласпаған.
“Қазіргі уақытта әлеуметтік желіде маған және тағы басқа адамдарға қатысты жаңалық тарап жатыр. Бәрі жақсы деп айта аламын. Айыптауға негіз жоқ. Адвокатпен шағым түсірдік. Бұл жаңалықты сіздердің назарыңызды басқа жаққа бұру үшін жариялап отыр”, – деді Төребаев өзінің Instagram-да.
Блогер неге Mudarabah Capital құрылтайшысы емес екенін түсіндірді.
“Бұл компания 2020 жылдың мамырында құрылған. Оған еш қатысым жоқ: 2020 жылдың қыркүйегінде ақша салып, төлемді күттім. 2020 жылдың қарашасында Mudarabah Capital директоры салым сенімді екеніне күмәнданбауым үшін ЖШС қатысушыларына қосылуды ұсынды. Мен одан да көп ақша салуды жоспарлап жүргендіктен, келістім. Мен компанияға тек 2020 жылдың қарашасында, ол нарықта белсенді жұмыс істеп тұрған кезде ғана қосылдым.
Мені қаржы пирамидасы схемасын ұйымдастырды, құрды немесе басқарды деу әділетсіздік. Бұл мүлдем бос сөз: барлық ақпарат бар, бәрін eGov сайтында тексеруге болады. Менің ойымша, полиция қоғамдық пікірді қолдан жасап отыр. Өйткені полиция мен билікке халықты қолдап белсенді мәлімдеме жасағаным ұнамайды және олар мені қылмыстық іске араластырғысы келеді. Осы мені қынжылтады. Мен мұның артында кім тұрғанын да болжап, біліп отырмын. Арамызда бұрыннан жанжал бар, ол туралы естіген де шығарсыз”, – деген ол Tengrinews.kz порталына берген сұхбатында.
Еске сала кетсек, Қазақстандық үш танымал вайнер қаржы пирамидасын құрып, басшылық етті деген күдікке ілінгенін жазған болатынбыз.
Алматы қалалық соты Мейіржан Төребаев, Мейіржан Шерниязов және Азимжан Саидбаевтың істі болғанын растады.
Олар Қылмыстық кодекстің 217-бабы (“қаржы пирамидасын құру және оған басшылық ету”) 3-бөлігі 2-тармағы бойынша күдікті деп танылған.
“Тергеу сотының қаулысымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының Төребаев пен Шерниязовқа қатысты 1000 АЕК (3 063 000 теңге) мөлшерінде кепіл түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхаты қанағаттандырылды”, – деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.
Ал Саидбаевқа қатысты 2 айға сырттай қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтініш түсті, бұл өтініш те қанағаттандырылды.
Айта кетері, 2021 жылдың қазанында Mudarabah Capital компаниясының иесі Алматыда қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікпен ұсталды.
Қаржы пирамидасын құрды және басқарды деген күдікке ілінген вайнер Азимжан Саидбаевқа іздеу жарияланды. Бұл туралы Алматы полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
“Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 217-бабы 3-бөлігі 2-тармағында (қаржылық “инвестициялық” пирамиданы құру және оған басшылық ету) көрсетілген қылмысты жасады деген күдік бойынша Қырғызстан Республикасының тумасы, 30.09.1986 жылы туған Саидбаев Азимжан Алымжанұлыа іздеу жарияланды. Бұлтартпау шарасы: күзетпен ұстау”, – делінген Рустам Әбдірахмановтың хабарламасында.
Полицейлер іздеуде жүрген Азимжан Саидбаев туралы мәлімет болса +7 701 758 67 60, +7 708 683 94 33 және 8 (727) 254 43 51 телефондарына хабарласуды сұрайды.
Айта кетейік, бұған дейін үш вайнер қаржы пирамидасын құрды және басқарды деген күдікке ілінген еді. Бұған қатысты пікір білдірген Мейіржан Төребаев өзінің кінәсі жоқ екенін және пирамидадан жапа шеккенін мәлімдеген.