Таразда зағип ер адамның ұялы телефонын тартып алған күдікті видеоға түсіп қалды.
Тараз қалалық полиция жедел басқару орталығына 58 жастағы жергілікті тұрғыннан шағым түскен. Ол “Облыс орталығындағы саябақтардың бірінен белгісіз адам ұялы телефонымды ұрлап кетті” depti.
Күдікті орындықта отырған азаматтың зағип екенін байқап, қолынан құны 67 000 теңге тұратын ұялы телефонын алып кеткен.
Тараз қаласы патрульдік полиция батальоны қызметкерлерінің жедел әрекет етуі нәтижесінде күдікті тез арада ұсталды. Облыс орталығының 22 жастағы тұрғыны болып шыққан күдікті өз кінәсін толық мойындаған. Заттай дәлелдер иесіне қайтарылды.
Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы 1-бөлігі “Тонау” бойынша соталды тергеу басталды.