Таспен ұрып, жарты млн теңгесін алып кетті

by Depti
0 views

Ақтөбелік күзетші бейтаныс адамды сабап, ақшасын алып кеткен, деп хабарлайды “Диапазон” басылымы.

Басылымның мәліметінше, Ақтөбе тұрғыны вокзал маңындағы дәмханада қызбен танысып, оған ломбардтағы ұялы телефонын алуға көмектескен. Кейін жаңа танысымен оңаша қалуды ойлап, пәтер жалдаған. Жалдамалы пәтерге бара жатқан жолда оған белгісіз біреу шабуыл жасап, басынан кірпішпен бірнеше рет ұрып, 500 мың теңге салынған сөмкесін алып кеткен. Соққыдан ер адам есін жоғалтып, бассүйек-ми жарақатын алған.

“Тонады деген күдікпен лотерея клубының 30 жастағы күзетшісі ұсталды. Тергеу мәліметінше, ол ақшасы бар ер адамның ізіне түсіп, артынан жақындап келіп, басынан кірпішпен ұрып ақшасын алып кеткен” делінген хабарламада.

Полиция соталды тергеу кезінде жәбірленуші фотосуреттен шабуылдаушының кім екенін танып, анықтағанын, алайда сотта құлап, есінен танып қалғандықтан оны кім ұрғанын көрмегенін, сотта отырған адамның оған еш қатысы жоғын мәлімдегенін айтты.

“Сотта күзетшінің мас күйде өтіп бара жатқан адамға шабуыл жасаудағы кінәсі куәгердің айғақтарымен дәлелденген. Қарақшылық жасағаны үшін сот оны 5 жылға бас бостандығынан айыруды. Ол жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейтін болды” depti полиция.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com