Қазақстанда

Темекі шегудің ақыры – өкпенің қатерлі ісігіне айналуы мүмкін бе?

Соңғы ылдары қатерлі ісік ауруы белең алып барады. Республика бойынша қатерлі ісік ауруына 500 сәби шалдыққан. Ал, темекіні ермек үшін тартқан адамдардың дені өкпенің қатерлі ісігіне жеткізіп жатыр. Әрине бұл тізімді бастап тұрған ер азаматтардың саны тұрақтанса, енді әйел адамдар дәл осы «темекінің» құрбанына айналып жатыр, қатерлі дертке ұшырап жатыр.

«Әйелдер арасында сүт безі обыры, ал ер азаматтарда өкпенің қатерлі ісігі көп. Екінші орында, тоқішек және тікішек қатерлі ісігі. Үшінші, қазақтардың дені асқазан, өңеш қатерлі ісігімен ауырады. Қазақта мұны қылтамақ деген. Әзірге еркектер арасында өкпенің қатерлі ісігі салыстырмалы түрде тұрақтанды. Керісінше, бұл ісік әйелдер арасында кең таралып барады. Неге? Қазір темекі тартатын әйелдер көп. Ең өкініштісі, алдыңа келген әйелден «темекі тартқаныңызға көп болды ма?» деп сұрасаң, «20 жыл болды, ермек үшін тартам» дейді. Тағы бір ер азамат күніне 2 қорап темекі тартатынын айтты» – депті Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты директорының  клиникалық жұмыс жөніндегі орынбасары Нұрлан Балтабеков.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button