Павлодарлық тұрғын туған баласына 3 миллион теңге қарыз боп шықты. Ер адам алты жыл бойы алимент төлемей келген, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz сайты.
Алимент төлемеген павлодарлықтың үстінен бұрынғы әйелі шағымданды. Ол “осы уақыт ішінде қарыз сомасы шамамен үш миллион теңгеге жетті” depti.
“Қалалық полицияға 28 жастағы павлодарлық әйел арызданды. Оның сөзінше, 38 жастағы бұрынғы күйеуі 2016 жылдың қарашасынан бері баланы бағу үшін ақша төлеу туралы сот шешімін орындамаған. Қарыз сомасы 2 миллион 745 мың теңгеге жеткен” деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.
Құқық қорғау органдары қызметкерлері ер адамның қайда жасырынып жатқанын анықтады. Полиция тексеруді бастады.
Сонымен қатар, ведомство өкілдері жыл басынан бері алимент төлемеген 106 борышкер табылғанын қоса айтты.