Қазақстанда

УКРАИНАҒА ҚАТЫСТЫ МАҢЫЗДЫ МӘЛІМДЕМЕ ЖАСАДЫ

Димаш Құдайберген Ресей мен Украина арасындағы шиеленіске қатысты пікір білдірді.

Әнші әр адамның өмір сүруге құқылы екенін еске салып, қантөгісті тоқтатуды сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Әр әйел мен әр ер сәби сүйіп, ұл мен қыз өсіргісі келеді. Әр адамның асқақ армандары мен өмірде мақсаттары болады. Әр адам өмір сүруге, өзінің бақытын құруға құқылы. Әлемді мейірімділік, өзара сыйластық пен махаббат құтқарады. Адам өмірінен құнды ештеңе жоқ! Қантөгісті тоқтатыңыздар! Соғысқа жол жоқ!» – деп жазба қалдырды Құдайберген желідегі парақшасында.

Айта кетейік, бұған дейін Украина – Ресей қақтығысы салдарынан Қазақстанда нан қымбаттайтынын жаздық.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button