Қазақстанда

Заманауи журналистикадағы ақпараттық хабар тарату

Жаһандық ақпарат алмасу заманында бұқаралық ақпарат құралдарына қойылар талап пен тәртіп те деформацияға ұшырап жатыр. Ол түсінікті де. Себебі, ақпарат алмасу көздері дәстүрлі журналистикадан, жаңа медиаға – электронды журналистикаға ауысты. Соның санатында әлеуметтік желілер, мессенджерлер, фото-видео хостингтер де бар.

Газет мақалаларының көлемі азайып, телехабарлардың мазмұны өзгерді. Заманауи медианың даму қарқыны, дәстүрлі БАҚ-қа қарағанда әлдеқайда жоғары. Өйткені, қазір қолында интернетке қосылған гаджеті бар кез-келген адам, потенциалды хабар таратушы болып есептеледі. Дегенмен, журналистиканың айырмашылығы – жедел, әрі сенімді ақпарат көздерінен хабар тарату. Өйткені сараланбаған ақпаратты жариялау, біріншіден, журналистік кодекске, моральдық этикаға сай келмейтін болса, екіншіден, заң шеңберінде белгелі бір нормалармен реттелетіні тағы бар. Сол себепті де, заманауи медиада қызмет ететін журналиске екі есе көп талап қойлады – жауапкершілік, шыншылдық және бастысы жеделдік.

Бұл үрдіске телехабар таратушылар да бейімделіп келеді. Әлеуметтік желі арқылы оқиға орнынан тікелей эфирге шығу, болған оқиғаларға байланысты кадр сыртынан репортаждар жасау соның айғағы. Қазіргі жаңа телевидениедегі басты ұстаным қысқа-нұсқа, түсінікті, әрі мазмұнды болу. Сюжет ұзақтылығы 1-1:30 минуттан, бейнеролик ұзақтығы 2 минуттан аспауы көрермен талабы. Оның үстіне алғашқы 10-15 секундта көрерменді «ұстап» қала алса, демек бейнеөнім сәтті шыққаны. Ол үшін журналистер кадр ойнату, динамикалық қоспалар мен тартымды тақырыптарды ұтымды пайдалануы шарт.

Ару ҰЗАҚОВА,
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті,
журналистика мамандығының 4-курс студенті.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button