Қазақстанда

Зейнетақы жинағына қатысты министрлік ШҰҒЫЛ мәлімдеме жасады

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақы жинағының жеткіліктілік шегіне қатысты ешқандай өзгерістер енгізбегенін мәлімдеді.

Ведомство таратқан ақпаратқа қарағанда, барлық есеп айырысуларды Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жүргізді.

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңға сәйкес жеткіліктілік шегі – белгілі бір жастағы салымшы үшін зейнетақы жинақтарының ең төменгі қажетті сомасы, ол БЖЗҚ-ға тұрақты 10% жарналарды ескере отырып, болашақта оны ең төменгі зейнетақы мөлшерінен төмен емес мөлшерде зейнетақы төлемдерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жоғарыда аталған көрсеткіштердің кез келгенін өзгерту автоматты түрде жеткіліктілік шегін қайта есептеуге алып келетінін атап өту қажет. Осыған байланысты Еңбекмині әдістеме бекітілгенге дейін жеткіліктілік шегі жыл сайын қайта есептелетіні туралы бірнеше рет (2020 жылғы қыркүйектен желтоқсанға дейінгі кезеңде) хабарлады”, – дейді министрліктен. 

Ведомство мәліметінше, заңға сәйкес зейнетақы жүйесінің жинақтаушы сегментінде саясатты іске асыруды, оның ішінде жоғарыда көрсетілген әдістеме негізінде жеткіліктілік шегін есептеуді бірыңғай оператор БЖЗҚ атынан жүзеге асырады. Сондай-ақ, заң жүзінде БЖЗҚ-ның өз қызметі туралы консультативтік және түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыру міндеті тікелей көзделеді. 

Тиісінше, Еңбекмині құзыретке ие емес, сондай-ақ оның БЖЗҚ есептейтін ең төменгі жеткіліктілік шектерінің анықтығын қандай да бір растауға мүмкіндік беретін мәліметтері болмайды.

Еске салайық, 2022 жылы біржолғы зейнетақы төлемін алудың жеткіліктілік шегі 1,8 есе көтеріледі. 

Әдістемеге сәйкес ең төменгі жеткілікті шек мөлшері әрбір жасқа жеке есептеледі және болашақта зейнетақы төлемі мен зейнетақы жарнасының өсетіні (индекстелуі) ескеріледі. Бұл ретте «Республикалық бюджет туралы» заңға сәйкес, жыл сайын индекстелетін ең төменгі жалақы, ең төменгі зейнетақы, ең төменгі күнкөріс деңгейі сияқты әлеуметтік көрсеткіштер қолданылады. Осыған байланысты ең төменгі жеткілікті шек мөлшері аталған көрсеткіштердің жыл сайын өсуін ескере отырып есептеледі, деп түсіндірді БЖЗҚ.

Алайда Еңбек министрлігі мен БЖЗҚ-ның мұндай жауабына көптеген қазақстандықтың көңілі толмай, наразылықтарын білдірді. 

Stan.kz

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button