ӘлемдеҚазақстанда

«Зениттің» тақиясына тар келген Исламхан, «Әл-Айн» футбол клубына ауысты

Бүгін Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан ресми түрде Біріккен Араб Әмірлігі еліндегі «Әл-Айн» футбол командасының ойыншысы ретінде таныстырылды. Келісімшарт әзірге 5 ай мерзіміне жасалған.
«Мен бұл тарихы зор клубтың жейдесін кигеніме қуанышытымын. Ендігі белестерді бірге бағындыруға күш салудан таянбаймын,»- депті футболшы.


Тараз футболының түлегі бұған дейін 5 жыл «Қайрат» командасының құрамында өнер көрсетіп, Алматылық жанкүйерлердің сүйіктісіне айналып үлгерген еді.
Айта кетейік, Бауыржан Исламхан Петербургтік «Зенит» командасымен оқу-жаттығу жиынына қатысқан болатын. Алайда келесі жаттығу жиынына шақырту алмады.
«Әл Айн» – өз елінің 13 дүркін чемпионы, 2003-інші жылғы Азия Чемпиондар Кубогының иегері. Бас бапкері португалиялық маман – Педру Эмануэль.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button