Қазақстанда

Жаңа телефон кодының тиімділігі неде?

ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдегендей, Қазақстан өзінің телефон кодына көшеді.

ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (ЦДИАӨМ) өзінің ұлттық халықаралық телефон кодына көшуді жоспарлап отыр. Ресей Федерациясына бекітілген +7 телефон кодының орнына Қазақстан Халықаралық Электр байланысы одағының (ХЭО) электр байланысын стандарттау бюросында + 997 резервін қойды. Қазіргі уақытта байланыс операторларымен Қазақстан Республикасының байланыс желілерінде жаңа халықаралық телефон кодына көшу жоспары пысықталуда.

«Қазақстан өзінің ұлттық телефон кодына көшеді. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ЦДИАӨМ Халықаралық Электр байланысы одағында жаңа +997 телефон кодын сақтап қалды. Бұрын біз Ресеймен бірге +7 кодын пайдаландық, енді сіз біздің елден шетелге қоңырау шалсаңыз, «Қазақстан» деген атау шығып тұратын болады. +997 — ге толық көшу бізге нөмірлеудің ұлттық ресурсын дербес бөлуге мүмкіндік береді және абоненттер мен қызметтер саны бойынша ұлттық жүйені кеңейтуге мүмкіндік береді», — деп атап өтті ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.

Сонымен қатар, ХЭО ұсынымдарына сәйкес Ресей Федерациясының байланыс Әкімшілігімен Қазақстанның нөмірлеудің 7-аймағынан шығу мәселесі пысықталатын болады. Көрсетілген ХЭО рәсімі аяқталғаннан кейін Қазақстанға +997 коды беріледі.

ЦДИАӨМ жоспары бойынша Қазақстан 2023 жылдың қаңтарынан бастап жаңа ұлттық кодқа көшеді. Сонымен қатар, берілген сәттен бастап жаңа және ескі код екі жыл ішінде қатар қолданыла алады. 2025 жылдан бастап толық көшу күтілуде.

Айта кету керек, КСРО құрамынан шыққаннан кейін +7 халықаралық телефон коды Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасына бекітілді. Ол 2006 жылғы 17 маусымда екі елдің Байланыс әкімшіліктері арасында қол қойылған «Дүниежүзілік нөмірлеудің 7-аймағының нөмірленуін пайдалану туралы» 2006 жылғы 17 маусымдағы келісімге сәйкес пайдаланылады.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button