ЖАҢА ЖЫЛДА ЖАЛАҚЫ ҚАНШАҒА ӨСЕДІ? (+видео)

by Depti
0 views

Қазақстандықтардың жалақысын көтеретін күн жетті.

Қазақстандықтардың жалақысын көтеретін күн жетті. Мәжілісмендер бизнестің алдына осындай талап қойды. Өйткені барлық тауардың, әсіресе азық-түлік қымбаттағаны халықтың қалтасын қағып жатыр дейді депутаттар. Тамақтың өзін несиеге алатындар қатары артқан.

Айқын Қоңыров, Мәжіліс депутаты: – Мемлекет экономиканың нақты секторына айтарлықтай көмектесіп келеді. Қыруар қаржы да бөліп жүр. Өйткені қазір екінші деңгейлі банктер тарапынан бизнеске қолдау жоқ. Міне, мемлекет бар жағдайды жасап отырған соң, бизнес те қызметкерлеріне оң көзқарас танытуы тиіс. Патриоттық дегенді сөзбен емес, іспен дәлелдеуі керек. Қазір бәрі қымбат болғандықтан, қарапайым халықтың жалақысын көтеру керек. Қазақстанда отбасы бюджетінің орташа тапшылығы 35 пайызды құрайды екен. Тиыны жетпеген халық сол тапшылықты екінші деңгейлі банктер мен микрокредиттік ұйымдардан несие алып, сонымен жабуға мәжбүр. Әсіресе қарыз күнделікті ішіп-жейтін тамаққа көп жұмсалады дейді депутаттар. Миллиардтап алынған қарыздың 60 пайызы тұтынушылық несиелер. Төменгі палата Үкіметке бұл мәселені шешу үшін ұлттық компаниялар басқа елдердің бизнесіне инвестиция салмау керек деп есептейді. Сонда ғана қазақстандық кәсіпкерлер мемлекеттен қаржыны молырақ алып, әлеуметтің әлеуетін жақсартатынына сенімді.

“ktk.kz”

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com