Жаңаөзен қаласы әкімдігінің алдына қарапайым тұрғындар мен “БатысГеофизСервис” ЖШС-нің бұрынғы жұмысшылары ереуілге шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қала тұрғындарының айтуынша, халық жұмыссыздықтан зардап шегеді. Олардың айтуынша, жергілікті билік биыл қаңтар айынан бері қол қусырып отыр.
Бұған дейін ереуілге шыққан “БатысГеофизСервис” ЖШС қызметкерлері жұмыстан шығарылды. Олар шарасыздықтан отбасыларымен бірге ереуілдетіп тұрған көрінеді.
Lada.kz сайтының мәліметінше, ереуілшілерге әкімшілік пен полиция өкілдері барып, аумақты босатуды талап етті. Шенеуніктер мәселені шешіп беруге қатысты ештеңе айтпаған.
“Оның қанша уақытқа созылатынын білмейміз. Біздің мәселемізді шешкенше соңына дейін тұрамыз” depti наразы топ.
Ал жергілікті әкімдік оқиға қатысты кейінірек түсіндірме беретінін хабарлаған.