Қазақстанда

Жазира Байырбекова енесі туралы сырымен бөлісті

Жазира Байырбекова алғаш рет өзі келін болып түскен үйі туралы айтты.

“Кукла келін” атанған әнші кейіннен қатал ененің тәрбиесін көріп, жуас келінге айналған. Ата-енемен бірге тұрған екі жыл әскерде өткен екі жылмен тең болды дейді. 

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Жұлдыздың жары” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Жазира Байырбекова өткен күндерін сағынышпен еске алады. Қатаңдығы мен қызығы мол жылдарды бастан өткерген әнші қандай келін болғанын айтты. 

“Мен жастай келін болдым. Бастапқыда ерке келін болдым. Қайын інілеріме айтып тастап, сөйлеп тастап жүретінмін. Кейін екі ай дегенде мүлде өзгеріп кеттім. Өйткені өте қатал жерге келін болдым. Мен қатал ортаға келгенімді байқамай да қалыппын. Ата-енем қатал болды. Енем де қатаң ұстады. Біз тіпті баламызды да еркелете алмадық. Бірде Жанболат ұлым Қазбекті жаңа туған кезінде көтеріп отыр еді енем көріп қалып ұрысып кетті. “Еркек басыңмен не көрінді?” деп ұрысты. Содан кейін Жанболат ұлына жолаған емес. Біз сондай тәрбиемен өстік. Ата-әжесінің көзінде баланы еркелетуге, сүюге, құшақтауға болмайды деп түсіндік. Балам еркелік көрмей өсті. Кейде дұрыс болған да шығар деп ойлаймын”, – дейді әнші. 

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button