Қазақстанда

Жол апатынан қайтқан блогердің ұлы дүниеге келді

Наурыз айында жол апатынан қаза болған блогер Дәулет Бейсенбектің үшінші перзенті дүниеге келді. Оның жұбайы 25 мамыр күні қыз босанған, depti Stan.kz ақпарат агенттігі.

Замира Исмаилованы Дәулеттің жақындары перзентханадан шығарып алды. Ол қызын Данэлия деп атаған.»Қызымыздың атын ұзақ таңдаған жоқпын. Біз соңғы сәтке дейін кімді күтіп жүргенімізді білмедік. Дәулет екеуміз неге екені белгісіз, ұл болады деп ойладық. Бірақ есімін таңдамадық.Ал Айяның есімін қоярда Дәулетке Данэлия деген есім ұнағаны есімде. Маған Ария деген ат ұнады, бірақ ақырында біз Айяны таңдадық. Сондықтан мен қызымызды қалай атайтынымды бірден білдім», – деп бөлісті марқұмның жесірі.

Замира жеңіл босанғанын айтады. Айтуынша, оны «күйеуінің рухы қолдаған». «Алла жеңілдігін берді. Бір қызық сезім болды. Құдды Дәулет қасымда сияқты. Әрдайым солай сезінемін. Ол барлық жерде маған көмектеседі», – дейді әйел.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button