Қазақстанда

Зорланған қызын «арымызға тиді» деп өз ата-анасы өлтірген

Сирияда жантүршігерлік оқиға орын алды. 5 жастағы қызды белгісіз ер адам алдымен ұрлап әкетіп, кейін зорлаған. Кейін бүлдіршіннің ата-анасы атымызға кір келтірді деген ызамен өз қыздарын өлтірген. Бұл туралы “Адырна” ұлттық порталы Daily Mail-ге сілтеме беріп хабарлайды.

Қайтыс болған бүлдіршіннің отбасы кінәларын мойындамай отыр.

5 жастағы қызды мотициклмен өтіп бара жатқан ер адам ұрлап әкеткен.

Бүлдіршін далаға әкесімен кездесуге шыққан. Қыздың нақты қай уақытта өлгені белгісіз. 

Адам құқықтары жөніндегі Обсерватория елде болып жатқан көптеген ар үшін жасалған өлімге кінәлілерді жауапқа тартуды талап етеді.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button