АТЫРАУДАСАРАПТАМА

АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА БИЫЛДЫҚҚА 7 РЕТ ОРМАНДА ЖӘНЕ ДАЛАДА ӨРТ ОШАҚТАРЫ ПАЙДА БОЛДЫ

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің төрағалығымен өткен селекторлық кеңесте өрт қаупі жоғары кезеңде және суға шомылу маусымында ТЖ-дың алдын алу, болдырмау мәселелері, сондай-ақ, қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптап, өңдеу проблемасы қаралды. 
Облыстық ТЖ департаментінің бастығы Сағынбек Өмірзақовтың ақпараты бойынша, жыл басынан бері өңірде 7 рет орманда және далада өрт ошақтарының пайда болу жағдайы тіркелген. Проблемалық тұстар да бар – жетуге қиын жерлердегі, Каспий жағалауы маңындағы өрттерді сөндіруге арналған техниканың болмауы. Ал, аудандарда шолу мұнаралары жоқ. Сондай-ақ,  облыстық ТЖ департаментінің бастығы құтқарушыларға қолдау ретінде ерікті өрт сөндірушілер жасағын құруды ұсынды.     

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button