АТЫРАУДАСАРАПТАМА

«ЕМБІМҰНАЙГАЗ» АҚ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА КЕЛТІРГЕН ЗИЯНЫН ӨТЕП БЕРДІ

«Ембімұнайгаз» АҚ 13.06.2018 -09.10.2018 ж. аралықтарында ұзаққа созылған    соттың  тергеу жұмыстарының  нәтижесі бойынша   Прорва  кен орнындағы  ілеспе газды  кешенді дайындау қондырғысында тазартылмаған газды жағу арқылы қоршаған ортаға келтірілген зиянды өз еркімен өтеп берді.  

«Бұл қателік бас  мердігер тарапынан газды күкірттен тазарту жүйесін уақтылы іске қосу  бойынша келісімшарттың талаптарын тиісті орындамау салдарынан болып отыр.   

Прорва  кен орындары  тобының ілеспе мұнай  газын заласыздандыруға арналған  қондырғыны іске қосу жұмыстары  2017 жылдың маусым айында  басталды.

Қондырғының барлық негізгі блоктарын іске қосу жұмыстары   уақытылы және кезең-кезеңімен жүзеге асты. Алайда, жобаның бас  мердігерінің  күкірт өндірісі, балқыту және түйіршіктеу қондырғысы – LOCAT жүйесін   іске қосу міндеттемелерін дер кезінде орындамауынан   жұмыс   ұзарып кетті. 

            Нәтижесінде, бұл қондырғы 31.12.2018 жылы пайдалануға берілді. LOCAT қондырғысының іске қосылуымен «Ембімұнайгаз» АҚ алау қондырғыларында газдың заңсыз жағылуын толығымен жойды.

Қазіргі уақытта  Ілеспе газды кешенді дайындау қондырғысы бірқалыпты технологиялық режимде жұмыс істеп тұр. Атап айтсақ,   тауарлық газ (ҚР СТ 1666-2007), тұрақты газ конденсаты (ҚР СТ 2188-2012) және ГОСТ-127.1-93 (ҚР ПСТ 18- 2014) талабына    сәйкес келетін түйіршіктелген  күкірт өндіріледі.  

Ілеспе газды кешенді  дайындау қондырғысы іске қосылғаннан бастап,  «Интергаз Орталық Азия» АҚ -ы  осы жүйе арқылы  283,691 млн. м3 тауарлық газды тасымалдады.

Тұрақты газ конденсаты «Жылоймұнайгаз» МГӨБ-нің жеке қажеттіліктері үшін қолданылуда.

LOCAT күкірт өндірісі іске қосылғаннан бері 645 тонна  тауарлық күкірт өндірілді», – depti  «Ембімұнайгаз» АҚ Қоғаммен байланыс қызметі.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button