АТЫРАУДАСАРАПТАМА

АТЫРАУДА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 2 ЖҮКТІ ӘЙЕЛ БОСАНДЫ

«Бүгін №2 Атырау облыстық ауруханасында коронавирус жұқтырған екі жүкті әйел босанды»,- деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Аталған аурухананың білікті хирургтары мен анестезиолог мамандары, Атырау облыстық перинаталдық орталықтың дәрігер-реаниматологтары, гинекологтары және акушер құрамы мен неонатологтар оларды аман-есен босандырып алды. Салмағы- 3,620 келі бойы-53 см болып туылған дені сау қыз баланы 29 жастағы әйел кесарь тілігі арқылы дүниеге әкелді. Ал, 24 жастағы әйел өздігінен  салмағы-4,270 келі бойы- 56 см  ұл баланы босанды. Жаңа туған нәрестелерден Covid-19-ға талдау алынды, нәтежисі ертең шығады деп күтілуде.

945776c1 afc5 41e6 858a 111f60c050d9

«29 және 24 жастағы жүкті әйелдер инфекциялық стационарға жүктіліктің 38 аптасында коронавирус инфекциясының симптомсыз расталған жағдайымен қабылданған болатын. Босанған аналар жұқпалы аурулар бөлімшесінде хаттамаға сәйкес емін жалғастыратын болады. Нәрестелер аналарынан оқшауланып, арнайы әзірленген таза палатаға ауыстырылды. Жағдайлары қанағаттанарлық, дәрігерлердің бақылауында»- дейді  №2 Атырау облыстық ауруханасы директорының орынбасары  Надя Ерғалиева.

Айта кету қажет, босану уақыты жақындаған 29 және 24 жастағы жүкті әйелден коронавирусқа қатысты тест қорытындысы оң нәтежие бергендіктен аталған аурухананың изоляторына жатқызылған болатын.

ff3482fc 6e36 4ab2 aad4 fb93faba8aae

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button