АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА ҚАУІПТІ ІНДЕТТІ ЖҰҚТЫРҒАН ТАҒЫ 92 АДАМ АНЫҚТАЛДЫ

eqetwznxyaau5bk
Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Осылайша өңірде короновирусты   жұқтырғандар саны 432 адамға жетті, деп хабарлайды Атырау облысындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Жедел штаб.

Штаб ақпараты бойынша, 90 адам – Теңіз кенішіндегі мердігер мекемелердің  қызметкерлері. Нақтыласақ,  83 ер  мен 7 әйел адам.

Бұдан бөлек, Атырау қаласында қауіпті індетті жұқтырған 2 адам анықталды.   Олар тәуекел топта болған  – 52 жастағы әйел мен 27 жастағы  ер адам.

13 мамырдағы дерек бойынша Атырау облысында 432 адам індетті жұқтырып, оның  ішінде 359 адам Теңіз кенішінен анықталды.