Әлемде

КОРОНОВИРУС ҚАНША УАҚЫТ ӨМІР СҮРЕДІ

Короновирустың жаңа түрі қолайлы ортада 5 күнге дейін өмір сүре алады. Бұл туралы ҚХР мемлекеттік денсаулық сақтау комитетінің инфекциялық аурулар жөніндегі сарапшылар кеңесінің мүшесі  Цзян Ронгмен мәлімдеді.

 «Біріншіден, вирус жөтелгенде  немесе түшкіргенде ауа тамшылары арқылы беріледі. 1-2 метр қашықтықтан таралу мүмкіндігі жоғары. Адам  ағзасына тез қонады, бірақ ауада қалып қоймайды . Зерттеулер көрсеткендей, вирус беті тегіс заттарда бірнеше сағат бойы тіршілік ете береді. Ал қолайлы ылғалдылық пен ыңғайлы температурада бірнеше күн бойы өмір сүре алады. Мысалы, 40% ылғалдылық пен 20 градус температурасы бар ортада жаңа коронавирус бес күнге дейін сақталады» – depti Цзян Ронгмен.

Тағы бір атап өтер жайт, түшкіру кезінде адамның тыныс мүшелері арқылы тараған вирус қоршаған ортадағы заттарға түссе, сонда сақталып қалуы ықтимал. Мәселен есік тұтқалары мен лифтінің түймелерінде. Мұндай жағдайда, оның келесі адамға жұғу қаупі өте жоғары.

Айта кету керек, соңғы мәліметтерге сүйенсек әлем бойынша қауіпті вирусты жұқтырған 71 326 адамнан асса, 1775 адам мерт болған.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button