Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Атырау облысына жұмыс сапарымен келіп, Мақат аудандық ауруханасында, Байгетөбе ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пунктінде болды.
Аудандық аурухана директоры Асулан Абдрахманов коронавирус инфекциясына қатысты жағдай туралы айтып берді. Министрге ауылдық фельдшерлік-акушерлік пунктінде жабдықтар көрсетілді.
«Еліміздің барлық ауылдық медицина мекемелері осындағыдай жабдықтармен қамтылмаған. Мұндағы медициналық жабдықтардың басым бөлігі халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. Ал жетіспейтін жабдықтар болса, өз тарапымыздан жабдықтауға көмектесеміз», – деді Алексей Цой.
Ауыл дәрігерлерімен әңгімелескен министр Қазақстанның денсаулық сақтау саласындағы жаңашылдықтар туралы айтып берді. Ең алдымен, ел үшін жасалып жатқан істерге, медицина қызметкерлерінің мүддесі мен құқықтарын қорғауға, ақ халатты жандардың беделін арттыруға баса назар аударды. Денсаулық сақтау министрі облыс орталығындағы бірнеше медициналық мекемеге баратыны жоспарланған.