Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлының мәліметінше, «қызыл» аймаққа енуіне байланысты мешіттерде ұжымдық намаздарды оқуға уақытша шектеу қойылған.
«Бұл шара өңірдегі эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты қолға алынып отыр. Атырау облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес, жұмыс күндері мешіттерде бес уақыт намазды жеке оқуға рұқсат етіледі. Бірақ, жұма намаздары оқылмайды. Сенбі, жексенбі күндері мешіттер жабық болады», – дейді Алтынбек Ұтысханұлы.