Атырауда жол апатынан кәмелетке толмаған жүргізуші мерт болды

by Depti
0 views

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, жол апаты бүгін, 6 тамызда сағат 5:00 шамасында болған.

«Атырау – Доссор» бағытындағы жол бойында 52 жастағы азамат басқарған «КамАЗ» бен 17 жасар бозбала жүргізген «ВАЗ-21015» көлігі соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасынан кәмелет жасына толмаған жүргізуші мерт болды», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір аталған жол-көлік оқиғасына байланысты ҚР Қылмыстық Кодекстің 345-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com