АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ: ДӘРІГЕРЛЕР «ПЕКИНДЕ» ДЕМАЛАДЫ

4bc726823fe9b7896c8ef57dc3894e54
Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Жергілікті кәсіпкердің  карантиндік стационарға берген қонақ үйінде алдыңғы шепте жүрген  медицина қызметкерлері демалатын болады.

 Төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі Өңірлік  комиссияның шешіміне сәйкес, стационарлық аймақтарда және жедел жәрдем станциясында жұмыс істейтін дәрігерлер мен медициналық қызметкерлер өз кезекшіліктерін күту кезінде   «Пекин»  қонақ үйінде демалады.

«Бұл   инфекциялық, провизорлық және карантиндік стационарлардың қызметкерлері, жедел жәрдем бригадалары.  Осы арқылы біз олардың және жанұясының өмірін қала ішіндегі қажетсіз байланыстар мен қозғалыстан сақтаймыз» – depti облыстық  денсаулық сақтау басқармасының басшысы Байтолла Ғазизов.

 Еске сала кетейік, қонақ үйдің ауданы 2700 ш.м.  құрайды, оның ішінде 62 кереует,  31 бөлме бар.