АТЫРАУДАСАРАПТАМА

АТЫРАУЛЫҚ ІРІ КӘСІПОРЫНДАР МЕДИЦИНАЛЫҚ МЕКЕМЕЛЕРДІ ҚАЖЕТТІ ҚҰРАЛДАРМЕН ҚАТАМАСЫЗ ЕТУДЕ

«ТЕҢІЗШЕВРОЙЛ» ЖШС  өңірде коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында жалпы құны 1,3 млрд. теңгені құрайтын медициналық құрал-жабдықтарды сатып алды, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Сатып алынған құралдар аймақтағы медициналық қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған. Бұл тізімде  бір рет қолданылатын қорғаныс костюмдері, медициналық маскалар, реанимация және тыныс алу құралдары, 2 жедел жәрдем көлігі және т.б. бар.

«Жаһандық пандемия біздің елімізді де айналып өтпеді. Осы жағдайда отандастарымыздың өзара бірлігінің куәсі болдық. Сол себепті де, біздің компания алдағы уақытта да көмек қолын созуға дайын», – depti «ТШО» компаниясының  үкіметпен және жұртшылықпен  байланыс бөлімінің  бас  менеджері Рзабек Артығалиев.

Айта кетейік, бұдан бұрында  «НКОК» компаниясы да облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының жансақтау бөліміне қосымша медициналық жабдықтар сатып алған еді.  Сондай-ақ, аталмыш компания алдағы 4-5 айда халықаралық  6 дәрігерді жергілікті ауруханаларда медициналық көмек көрсетуге шақырды.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button