АТЫРАУДА

АТЫРАУДА ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛІК БОЙЫНША БАЙҚАУ БАСТАЛДЫ

  Кеше Орталық Азияның даму қоры мен «Теңізшевройл» ЖШС қаржылық қолдауымен жүзеге асатын «Жарқыра» әлеуметтік кәсіпкерлік байқауының Атырау облысы бойынша түсіндірме семинарлары аяқталып, жобаларды қабылдау басталып кетті.

2016 жылдан бері «Жарқыра» байқауы Атырау және Маңғыстау облысы тұрғындарының 38 әлеуметтік кәсіпкерлік жобасына 80 500 000 теңге көлемінде қолдау көрсетті.

«Әлеуметтік кәсіпкерлік – ең алдымен креативті идея. Біздің бағдарлама мақсаты – қоғамның әлеуметтік, экономикалық және экологиялық мәселелеріне тұрақты кәсіпкерлік шешімдерді ұсынуға бағытталған инновациялық әлеуметтік бастамаларға серпін беру. Әлеуметтік кәсіпкерлікпен айналысамын деушілерге 1,5 млн – 3 млн теңге бөлінеді. Пайызсыз қарыз 5 жылға берілмек.», – depti бағдарламаның аймақтық үйлестірушісі Асқар Секербаев.

Байқауға қатысамын деушілер Zharkyra.kz сайтындағы сауалнаманы толтырып, 2 минуттық видео түсіріп жіберулері керек. Өтініштерді қабылдау 8 наурызға дейін жалғасады.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button