АТЫРАУДА

АТЫРАУДА ДЕСТРУКТИВТІ ДІНИ АҒЫМДЫ ҰСТАНУШЫЛАР ҰСТАЛДЫ (ВИДЕО)

Облыс аумағында полицейлер Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлерімен бірлесіп, төтенше жағдай кезіндегі  қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында жүргізген шара кезінде қылмыстық топты құрықтады.

 Деструктивті діни ағымның ұстанушыларынан құрылған қылмыстық  топ мүшелері қала аумағында азаматтардан қорқытып ақша талап етумен айналысқан.

«Қазір сотқа дейінгі тергеп- тексеру ҚР ҚК 194 бабының 3 бөлігі «Қорқытып алушылық, яғни күш  қолдану» бойынша жүргізілуде» – depti ПД баспасөз қызметі

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button