АТЫРАУДА

АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ БАС САНИТАРЫ ЖЕЛІДЕ ТАРАҒАН БЕЙНЕЖАЗБАҒА РЕСМИ ЖАУАП БЕРДІ (ВИДЕО)

Атырау облысының бас санитар дәрігерінің айтуынша:  «ТШО компаниясы мердігер ұйымның 50 жасар қызметкерінде короновирус індеті анықталды. Бұл ресми ақпарат. Ол инфекциялық стационарға жатқызылып, тиісті ем қабылдап жатыр».

Ал осы әйелмен жақын қарым-қатынаста болған 9 әйел адамға жасалған тест қорытындысының нәтижесі бойынша короновирус анықталмады. Тараған видеоны  осы әйелдер түсірген.

Қазіргі уақытта олар оқшауланған бөлмелерінен шығып, медицина қызметкерлерін тыңдамай  ТЖ режимі мен карантин тәртібін бұзуда.  Мұны олар жұмыс жасайтын компания басшылығы растап отыр.

Жалған мәлімет тарату –  қылмыстық жауапкершілік.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button