АТЫРАУДА

АТЫРАУ ЕРІКТІЛЕРІ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІ БОЛУҒА НИЕТ БІЛДІРУДЕ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әскери қызметшілерді арнайы оқу-жаттығу жиындарына шақыру туралы» Жарлыққа қол қойғаннан кейін, Атырау облысының қорғаныс істері жөніндегі басқармаларына ерікті азаматтар ағыла келе бастады.

Жүздеген қордағы әскери қызметшілер мен еріктілер Атырау облысының қорғаныс істері жөніндегі ведомстволарына арнайы жиынға қатысу үшін өтінімдер білдіре бастады.

Тіркелген әскери қызметшілер блокпосттарда қызмет жасауға, қала объектілерін патрульдеуге немесе маңызды нысандарды дезинфекциялауға дайын екендіктерін мәлімдейді. Алайда, қазіргі уақытта олардың барлығы тек қана кандидат есебінде қарастырылып жатыр.

«Қазақстан Республикасының қорғаныс және қарулы күштері туралы» Заңның 1-бабының 6) тармағына сәйкес, төтенше жағдайды қамтамасыз ету үшін аумақтық күштерді шақыру Қарулы Күштердің Бас штабымен келісе отыра, жергілікті әкімдіктердің қаулыларымен арнайы жиындарға шақыру арқылы жүзеге асырылады. Жергілікті атқарушы органдар әскери қызметке жарамды тұлғалардың санын және қажеттілікке, әр облыстағы ағымдағы және болжамды жағдайға байланысты арнайы жындардың мерзімі мен оған қажет адамдар санын анықтайды» – depti Атырау облысы қорғаныс істері жөніндегі басқарма бастығының орынбасары каптан Жасұлан Сатбалдиев.

Аумақтық әскерлер өздері орналасқан әкімшілік-аумақтық құзыреттілігі ішінде және олардың мүдделері үшін жұмыс істейді, яғни Атырау өңіріне басқа жерлерден адамдар жіберілмейді. Сонымен қатар, әскери дайындық кезеңінде әскери қызметке жарамды адамдар жұмыс орнын және лауазымын сақтайды, оларға орташа жалақы төленеді, ал жұмыс істемейтін адамдарға мемлекет есебінен ең төменгі жалақы мөлшері 42 500 теңге төленетін болады.

Қазіргі уақытта Қорғаныс министрлігі Президенттің жарлығын халыққа түсіндіру және әскери қызметшілерді шақыруды ұйымдастырудың тәртібі мен ережелерін түсіндіру үшін, тұрғындарға арналған Колл-центрлер ашылды. Атырау облысы ҚІЖД телефон нөмірі 8 (7122) 32-32-21.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button