АТЫРАУДА

АТЫРАУДА ЕКІ АСПАЗШЫ ҚОЛҒАП ПЕН БЕТПЕРДЕ КИМЕГЕНІ ҮШІН АЙЫПТАЛДЫ

Төтенше жағдайдың жариялануына қарамастан, 2020 жылы 4 сәуірде Атырау қаласындағы асхананың аспазшылары асхананың ішінде бетпердесіз және қолғапсыз жүрген.

«Сот отырысында құқық бұзушылар өз кінәларын мойындап, асхананың ішінде тазалық жұмыстарын жүргізіп жатқан кезде бетперде мен қолғапты шешіп тастағандарын айтты», – деп хабарлайды Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі.

Сот қаулысымен құқық бұзушыларға 26 510 теңге әкімшілік айыппұл салу жазасы тағайындалды.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button