АТЫРАУДАҚазақстанда

ЕЛІМІЗДЕ ОНЛАЙН АЙТЫС ӨТЕДІ

Қазақстан тарихында алғаш рет ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Агенттік жанындағы Республикалық ақпараттық-ағартушылық штабтың бастамасымен халық шығармашылығының қайталанбас сайысы – Айтыс онлайн режимде өтеді.

«Айрықша іс-шараға республиканың өңірлерінен 16 суырып салма ақын- қатысады, олардың ішінде Мұхтар Ниязов, Аспанбек Шұғатаев, Сырым Әуезхан, Данияр Алдабергенов, Жұлдызай Маратбекова секілді халықаралық және республикалық айтыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары бар. Алдағы байқаудың тағы бір ерекшелігі – сайыс сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпқа арналады» – depti Атырау облысы сыбайлас жемқорлықпен күресдепартаментінің баспасөз қызметі.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаевтың айтуынша: «Өзекті мәселелерді өлеңмен көпшілік алдында айту біздің елдің ежелгі дәстүрі. Біз қоғамдағы сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеуді дәріптеу үшін ең тиімді мәдени құрал ретінде қазақ айтысын пайдалануға міндеттіміз».

Сайыстың өту барысын барлық ниет білдірушілер штабтың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан көре алады: Facebook-те «Республикалық ақпараттық ағартушылық штаб», Instagram-да және YouTube-те «anticor_shtab_kz» парақшалары.

Жеңімпаздар «Antiсor_shtab_kz» телеграм арнасында онлайн дауыс беру және мемлекет және қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор Мырзатай Жолдасбековтың төрағалық етуімен қазылар алқасының арасында дауысты пайыздық қатынаста бөлу арқылы анықталады.

Бас жүлдеге «Алтын Орда» авторлық дизайн үйі Tengri эксклюзивті этно-инсталляциясын және «Біз біргеміз» логотипімен кәдесый ұсынады.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button