АТЫРАУДА
Атырауда жүргізушілер жазаланды
Атырауда жаңа заң бойынша жеті жүргізуші куәліктерінен айырылды.
Олар көлікті мас күйінде басқарып, ӘҚБтК 608-бабының 1-бөлігімен көзделген құқық бұзушылықты жасаған.
«Сот қаулыларымен 7 құқық бұзушы да заңнаманың жаңа талабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оларға 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыра отырып, 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды», – депті облыстық әкімшілік сотының баспасөз қызметі.