АТЫРАУДА

АТЫРАУДАҒЫ ЕМХАНАДА НӘРЕСТЕНІ СУЫҚ ТЕРЕЗЕДЕ ӨЛШЕГЕН

«Атырау – адалдық аланы» жобалық кеңсесінің қызметкерлері медициналық мекемелерді тексеру кезінде санитарлық нормаларды өрескел бұзу фактілерін анықтады. Балықшы шағын ауданындағы №4 емханада жаңа туған нәрестелерді суық терезелерде өлшеген.

«Нәрестелерді өлшеу үшін қолайлы орынның болмауы, емханада дәрігердің кабинетінің жеткіліксіздігімен байланысты» – depti емхана директоры.

  «Атырау – адалдық аланы» жобалық кеңсесінің қызметкерлері емханаларда халыққа ақылы көрсетілетін медициналық қызметтерге баға прейскуранттары жоқ екенін де атап өтті. Емделушілер  бағаны тек қана кассадан біле алады. Алайда, прейскурант ең көрнекті жерде болуы керек.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button