Атыраудағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне 2020-2021 оқу жылында 7 сыныптан бастап оқуға қабылданатын үміткерлердің конкурстық іріктеуі ағымдағы жылдың 20 және 21 маусым күндері өтетінін хабарлаймыз.
Құрметті атыраулық ата-аналар!
Үміткерде COVID-19-ң белгілері: құрғақ жөтел, жоғары дене қызуы, тыныс алудың қиындығы, ентігу және т.б. жағдайда конкурстық іріктеуге қатыспауыңызды сұраймыз. 103 нөмірі арқылы «жедел жәрдем» шақырып, денсаулық сақтау ұйымдарымен хабарласып, өз-өзіңізді оқшаулауңыз. Басқа үміткерлерді тәуекелге ұшыратпауыңызды сұраймыз!
Конкурстық іріктеуде COVID-19 инфекциясын алдын алу мақсатында эпидемияға қарсы санитарлық сақтық шаралардың күшейтілетінін қаперге береміз. Осыған орай конкурстық іріктеуден өту кезінде үміткерлер келесі ережелерді қатаң сақтауы қажет:
- Мектеп аумағына тек қана медициналық бетперде (маска) киген үміткерлер жіберіледі! Барлық үміткерде ауыстыруға арналған қосымша бетперде болуы керек.
- Үміткердің дене қызуы (38 және одан жоғары) көтерілген жағдайда термометрия нәтижелері бойынша тестілеу үшін мектеп ғимаратына жіберілмейді.
- Үміткер мектеп аумағында және ғимаратында, тестілеуге тіркелу және аудиторияға кіргенде басқа үміткерлерден 1 метрден кем емес ара-қашықтықты сақтау және едендік белгілер бойынша қозғалуды орындауы қажет.
- Мектеп ғимаратына кіре берісте аяқ киімнің табанын дезинфекциялау кілемшесінде залалсыздандыруы қажет.
- Қолды антисептикпен өңдеуі керек.
- Байланыссыз термометриядан өтуі қажет.
- Тұлғаны сәйкестендіру (биометрия) рәсімі үшін масканы шешу (бір рет пайдаланылған маскалар кәдеге жаратуға жатады), үміткердің тұлғасы сәйкестендірілгеннен кейін жаңа маска киіп, қолды қайтадан антисептикпен өңдеуі керек;
- Пайдаланылған медициналық бетперделерді арнаулы жабық жәшіктерге қалдыруы керек.
Үміткерде өзімен бірге келесі құралдар болуы керек:
- Медициналық бетперде;
- Емтиханға қатысу үшін рұқсат қағазы;
- Қара сиясы бар шарикті қалам (гельді емес);
- Тауарлық таңбасы жоқ бөтелкедегі суды алып кіруге болады;
Тыйым салынған заттардың бар-жоғын алдын ала тексеріп, оларды үйде қалдыруыңызды сұраймыз!
Үміткерде тестілеу кезінде тыйым салынған заттар табылған жағдайда ол аудиториядан шығарылады және оның тестілеу нәтижелері жойылады.
Тестілеуді өткізу күні мен уақыты:
(жергілікті уақытпен)
20 маусым 21 маусым
I КЕЗЕҢ(ТАҢЕРТЕҢ) I КЕЗЕҢ (ТАҢЕРТЕҢ)
- тіркеу: 07.00-08.30 – тіркеу: 07.00-08.30
- нұсқаулық: 08.40-09.00 – нұсқаулық: 08.40-90.00
- тестілеудіңбасталуы: 90.00 – тестілеудіңбасталуы: 09.00
- тестілеудіңаяқталуы: 10.30 – тестілеудіңаяқталуы: 11.00
IIКЕЗЕҢ(ТҮСТЕН КЕЙІН) IIКЕЗЕҢ(ТҮСТЕН КЕЙІН) - тіркеу: 12.00 – 13.30 – тіркеу: 12.00 – 13.30
- нұсқаулық: 13.40 – 14.00 – нұсқаулық: 13.40 – 14.00
- тестілеудіңбасталуы: 14.00 – тестілеудіңбасталуы: 14.00
- тестілеудіңаяқталуы: 15.30 – тестілеудіңаяқталуы: 16.00
Барлық 20 Назарбаев Зияткерлік мектептер үшін тіркеу Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 09:31 және 14:31-де жабылады, үміткерлерді аталған уақыттан кейін кіргізуге рұқсат берілмейді.
Тіркеуге кешіккен үміткер тестілеуге жіберілмейді!
Айта кету керек, биылғы жылы конкурсқа 1200 дің үстінде бала қатысады. 1 орынға 7-8 үміткерден келіп отыр.