АТЫРАУДА

Атыраудың «Нұрсая» ықшамауданында неге жылу жоқ?

29 қаңтарда «Нұрсая» ықшамауданында жылудың болмау себебтерін анықтау үшін арнайы мамандандырылған топ рейд жүргізді.

whatsapp image 2020 01 30 at 14.36.56

«Рейдтік шара барысында Нұрсая ықшамауданындағы 64, 67, 68 үйлерінің үй ішілік жылу құбырларына қосымша су сорғы орнатылғандығы анықталып, үш пәтер иесіне су сорғы құралы орнатқаны үшін акт толтырылып 5 жұмыс күнге дейін демонтаж жұмыстарын жасау керектігі түсіндірілді » – депті «Тұрғын үйлерге коммуналдық қызмет көрсету» ЖШС .

whatsapp image 2020 01 30 at 14.36.55

Рейдтік шара барысында су сорғыны жасырын түрде орнатқан пәтерлердің жоғары немесе төменгі қабаттарында орналасқан пәтерлерде жылудың қалыпты температурада еместігі анықталды. Көршісі су сорғыны орнатқан соң, үйлері көгеріп кеткен.

whatsapp image 2020 01 30 at 15.48.421

Қала тұрғындарының назарына, пәтер иелерінің жылу жүйелеріне қосымша өзгерістер (су сорғы орнату, секцияларын ауыстыру және т.б.) жасауы заңсыз болып табылады.

.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button